Цифрландыру экономика салаларының тиімділігін арттыруға ықпал етеді
Ж. Қасымбек: цифрландыру экономика салаларының тиімділігін арттыруға ықпал етеді
Өнеркәсіпті цифрландыру бойынша 2018 жылы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 7 модельдік фабрикада (АлтынАлмас, Карскрона, Кентау трансформатор зауыты, Алматы желдеткіш зауыты, Евразианфудс, Балтекстиль, Химфарм) аудитті аяқтады. Әрбір кәсіпорын бойынша 30-ға жуық іс-шара ұсынылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында сөз сөйлеген ведомство басшысы Жеңіс Қасымбек айтты. Оның айтуынша, 2018 жылы "Химфарм" АҚ және "Евразиан фудс"АҚ сияқты 2 модельдік фабрикада іс-шаралардың бір бөлігі сәтті енгізілді.
"2018 жылы цифрлық технологияны енгізу аясында "ӨТМК" АҚ Тау-кен металлургиялық кешенінің ірі компаниялары өндіріс балансын қалыптастыру және есептеу жүйесін енгізді. Тау-кен-шахта жабдықтарына қызмет көрсету, кез келген күрделіктегі металл құрылымдарын дайындау бойынша "Maker" ЖШС машина жасау өндірісін жаңғырту аяқталды. Өндірістің толық автоматтандырылған циклына көшумен "Ақтөбе Мыс компаниясы" ЖШС байыту фабрикасы жаңғыртылды. Ағымдағы жылы "Қазмырыш" ЖШС - де 3 жобаны іске асыру жоспарланған", - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Сонымен қатар, өңірлердің өнеркәсіптік кәсіпорындарын цифрландыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Министрлік әкімдіктермен бірлесіп орта және ірі өнеркәсіптік объектілерде цифрлық технологияларды енгізу бойынша жол карталарына қол қойды. Ағымдағы жылы 100-ден астам кәсіпорынды цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жалғасатын болады.
"Көлік және логистиканы цифрландыру" міндеті бойынша "зияткерлік көлік жүйесі" жобасын іске асыру процесінде жол-көлік кешенін басқару бойынша бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
"Көліктік бақылауды автоматтандыру үшін 12 арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары енгізілді. Ағымдағы жылдың соңына дейін Жаңа ақылы учаскелерде тағы 11 арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын іске қосу жоспарлануда. 2021 жылға қарай олардың жалпы санын 46 бірлікке дейін жеткізу жоспарланып отыр, Жолаушылар тасымалы саласында кестені, қозғалыс маршрутын және жүйелілікті сақтауды қамтамасыз ету мақсатында пилоттық режимде облысаралық және халықаралық автобус жолаушылар тасымалдарын диспетчерлеу жүйесі іске қосылды. 2019 жылдың соңына дейін 2 мыңнан астам адам қосылады. 416 бағыт бойынша іске қосылған автобустар", - деді министр цифрландыру жобалары туралы.
Жолдардың жағдайын жақсарту үшін тәжірибелік пайдалануға инвестициялардың қажетті көлемін және таңдалған жөндеу стратегиясына байланысты жолдардың техникалық жай-күйін болжайтын "жол активтерін басқару жүйесі" енгізілді. Жүйе 2020 жылға дейін Республикалық маңызы бар жолдар желісін (24,1 мың км) толық қамтиды, ал одан әрі оны жергілікті жолдарға (72,8 мың км) кеңейту жоспарлануда.
E-SHANYRAQ жобасын іске асыру шеңберінде 2018 жылдың соңында пилоттық режимде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды. Нәтижесінде жүйеге 5217 көппәтерлі тұрғын үйдің электрондық техникалық паспорттары енгізілді және 5767 түрлі есепке алу аспаптары қосылды.
166 пилоттық көппәтерлі тұрғын үйдің 58-і үйге ортақ есепке алу аспаптарымен жабдықталған және көрсеткіштерді жүйеге береді. Жылу үшін төлемнің 41% - ға төмендегені байқалады, желтоқсан айында орташа экономикалық тиімділік КПТҮ деректерінде 11 млн.теңгеден асты, ал жылыту маусымының соңына қарай 44 млн. теңгеден астам үнемдеу күтілуде.
Құрылыс саласында Е-QURYLYS бірыңғай ақпараттық құрылыс жүйесі енгізілуде. Жүйе блокчейн технологиясы бойынша құрылыстың "қазаншұңқырдан" бастап нысан құрылысының толық аяқталуына дейінгі барлық кезеңдері мен процестерін бақылауға мүмкіндік береді. Тестілеу Астана қаласындағы нақты нысандарда пилоттық режимде басталды.