ӘДЕП КОДЕКСІ

Ижи Урбанец

SANTO бас директоры

Әдеп кодексі

Сіздердің назарларыңызға Әдеп кодексін, компанияның күнделікті қызметіндегі басты нұсқаулықты ұсынуға өте қуаныштымын. Бұл қызметкерлермен, іскери серіктестермен, пациенттермен қарым-қатынаста жоғары стандарттарға сәйкес әрекет етуге ынталандыратын құндылықтар, қағидаттар мен ережелер жүйесі. Ең бастысы, халықтың денсаулығы мен жалпы өмір сүру сапасына әсер ететін сапалы өнімдер өндіру үшін өзінің жауапкершілігін сезіну.

Қабылданған кодекс құрмет, адалдық, жауапкершілік, ниеттестік пен ынтымақтастық сияқты әдеп құндылықтарына негізделген. Аталған құжатта қамтылған ережелер әрбір қызметкер үшін міндетті болып табылады, олар күнделікті шешімдер қабылдау кезінде негізге алынатын болады. Кодексте жазылған әдеп нормаларын қатаң сақтау әрқашан заңнама нормаларын, қолданыстағы рәсімдерді және мінез-құлықтың ең жоғары стандарттарын ұстанатын сенімді компания екенімізді растайды.

SANTO компаниясы өзінің 140 жылдық тарихында әлеуметтік бағдарланған және экономикалық тұрғыдан тұрақты кәсіпорын болуға ұмтылғанын атап өткен жөн. Мұны пациенттер үшін өндірілетін өнімдердің жоғары сапасы мен қол жетімділігіне үнемі ұмтылу дәлелдейді. Біздің бизнестегі әдепті сақтау тәжірибеміз барлық жеткізушілеріміз бен серіктестеріміз үшін тамаша үлгі болады, сондай-ақ Қазақстанның барлық фармацевтикалық саласындағы стандарттарды жақсартуға ықпал етеді деп үміттенеміз.

Адамдарға сау әлемде салауатты өмір сүруге көмектесу

Біздің компанияның әрбір қызметкері әдеп кодексінің қағидаларына сәйкес жұмыс істейді

Корпоративтік мәдениеттің қағидалары:
  • Жауапкершілікпен
  • Бірге
  • Ашық

Наши ценности

Құрмет
Адалдық
Ынтымақтастық
Жауапкершілік
Әріптестік