ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ

SANTO компаниясы өз қызметкерлерінің, іскери серіктестерінің, пациенттерінің, денсаулық сақтау мамандарының және басқа да дербес деректер субъектілерінің дербеа деректерін қорғау және құпиялылықты қамтамасыз етуге қатысты қатаң ережелерді ұстанады.

Компания дербес деректерді жинауды және өңдеуді тек қана дербес деректер саласындағы қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асырады, сондай-ақ дербес деректерді қорғау үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды. Компанияның қызметінде дербес деректерді жинау мақсаттарына сәйкес келмейтін дербес деректерді өңдеуге жол берілмейді.

Егер сіз компаниямен дербес деректеріңізді жинау және өңдеу мәселелері бойынша және (немесе) дербес деректер саласындағы заңнамада белгіленген құқықтарыңызды іске асыру үшін байланысқыңыз келсе, dpo@santo.kz электрондық пошта мекен-жайы бойынша дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыруға жауапты тұлғаның атына немесе мына пошта мекен-жайына өтініш жібере аласыз: «ХИМФАРМ» АҚ, 160019, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81.