Қазақстандық фармацевтер SANTO өніміне көбірек сенім артатын болды

Алматы, 17 наурыз 2020 жыл

Алдыңғы жылы көктемде Ipsos компаниясымен өткізілген PHARMA-Q "Фармацев дәрішілердің көзқарасы" синдикаттық зерттеуінің мәліметтері бойынша SANTO өніміне қазақстандық фармацевтер арасында SANTO компаниясының беделін бағалауда оңды динамика байқалды. Егер 2018 жылдың көктемінде респонденттердің тек 49% SANTO өнімінің беделін "өте жақсы" деп бағаласа, 2018 жылдың күзінде-ақ олардың саны 52%-ға өсті, ал 2019 жылдың көктемінде бұл көрсеткіш 63%-дан асып, алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14%-ға өсті. Осылайша, SANTO компаниясы фармацевтердің берген бағалауының нәтижесінде Қазақстандағы фармацевтикалық компаниялардың ТОП-15 рейтингіне кірді. Ipsos компаниясының берген мәліметтері бойынша фармацевтер SANTO компаниясының өнімдерін жиірек ұсынатын болған.

Салыстыру үшін: 2018 жылдың көктемінде дәрі-дәрмектерді сұралғандардың 47% ұсынса, 2019 жылдың көктемінде 67% ұсынды. Сондай-ақ, тұтынушылардың 54% дәрі-дәрмек таңдау кезінде өндіруші елі маңызды болмай кеткенін айта кеткен жөн. Олардың ойынша, негізгі критерий дәрі-дәрмектердің сапасы мен олардың тиімділігі болып табылады.

Фармацевтердің көпшілігі (66%) компания рейтингі оның дәрі-дәрмектерінің сапасы мен тиімділігінің арқасында өскенін атап өтті. Бұл ретте SANTO дәрі-дәрмектері туралы фармацевтердің барлығы (98%) дерлік жақсы хабарландырылғанын айта кеткен жөн. Бұл компаниямен жүргізілген көптеген семинарлар мен конференциялар түріндегі оқыту шараларының арқасында мүмкін болды. Аталған шаралар фармацевтикалық мамандар арасында барған сайын үлкен сұранысқа ие бола түсуде.


****************************************************************************

SANTO туралы:


SANTO Member of Polpharma Group (SANTO компаниясы) саудалық таңбасы бар «Химфарм» АҚ - Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарықтарында қолданылатын Polpharma халықаралық фармацевтикалық тобының бөлігі. Компания жоғары сападағы дәрі-дәрмектерді дайындап, шығарып, Қазақстан мен Орта Азия нарықтарына жеткізеді. Бүгінгі таңда SANTO қазақстандық фармацевтикалық өндірушілердің арасында көшбасшылық орынды иеленеді. Компания портфеліне терапияның түрлі салаларындағы ауру-дерттерді емдеу үшін 12 фармакотерапиялық топтарындағы 240-тан аса генерикалық дәрі-дәрмектер кіреді. Компания 8 елге – Ресейге, Украинаға, Қырғызстанға, Моңғолияға, Өзбекстанға, Түркменстанға, Тәжікстанға өнімдерін жеткізуді жүзеге асырып, ішкі нарық қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Қосымша ақпарат:

Татьяна Филипчик, PR-менеджер

SANTO компаниясы

e-mail: tatyana.filipchik@santo.kz

www.santo.kz

Бұл қызықты болуы мүмкін