«ДЕНІ САУ ӘЙЕЛ ЖҮРЕГІНІҢ ҚҰПИЯЛАРЫ»

БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

                   2020 жылдың 3-5 наурыз аралығында Алматы қ. «Әйел жүрегінің құпиялары - 2020. Әйел денсаулығы, стилі және ұзақ өмір сүруі» деп аталатын пәнаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференцияға жетекші елордалық және аймақтық клиникалардың кардиологтары, эндокринологтары, терапевттері, фармакологтары және басқа да медициналық қоғам өкілдері қатысады. SANTO компаниясы РФ ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, терапиялық клиниканың директоры және А. И. Евдокимов атындағы Мәскеу мемлекеттік медицина және стоматология университетінің Терапия, клиникалық фармакология және жедел медициналық көмек кафедрасының меңгерушісі Аркадий Львович Верткиннің ғылыми форумға келуін және спикер ретінде қатысуын ұйымдастырды. Сондай-ақ, профессор Верткин «Емханалық дәрігер» өңірлік қоғамдық ұйымының басшысы болып табылады. Конференцияға  Қазақстанның да танымал кардиологтары қатысып жатыр. М.ғ.д., ассоцияцияланған профессо,  "Артериялық гипертония және кардиоваскулярлық профилактика жөніндегі мамандар қоғамы" ҚБ президенті, "ҚазМҮББУ" АҚ кардиология кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Әлдешқызы  Жүнісбекова «Нәзік жыныстың әлсіз тұстары», «Жүрекше фибрилляциясы мен коморбидтік жағдайы бар әйелдер жағдайын назарға алу» деп аталатын баяндамасымен сөз сөйледі. Сонымен қатар, «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕ АҚ Кардиология кафедрасының профессоры Мира Қаспсыметқызы Түндібаева және басқа да спикерлер баяндамаларын оқымақ.

Конференцияның басты тақырыбы әйел денсаулығы мәселелеріне, атап айтқанда, жүрек-қан тамырларының аурулары, ауру барысының ерекшеліктері, емдеу кезінде кездесетін кедергілер және осындай науқастарды емдеуге арналған кешенді терапия тәсілдеріне арналып отыр. Бүгінгі таңда мәселенің өзектілігін Щециндегі (Польша) Помор медициналық университетінің зерттеушілері растап отыр. Олар әйелдерде жүрек ауруларын қоздыратын факторлар ерлерден әлдеқайда көп деген қорытындыға келді. Бұл факторларға семіру, гипертония, гиперхолестеринемия және диабет жатады. Сонымен қатар, әйелдердің кардиомиопатиясы жағдайларының 95%-ы күйзелістен туындайды, бұл да әсершіл әйел жынысына тән. Әйелдердегі жүректің ишемиялық ауруы да ерлердегі ишемиялық аурудан талай ерекшеленеді. Ғалымдар мұны әйелдің жүрегі ер адамға қарағанда жеңілірек болғанымен, жиі қысылатынында деп түсіндіреді. Әйел ағзасының осы ерекшеліктері, сондай-ақ қалқанша безінің аурулары, липид алмасуының бұзылуы, қан аурулары мен фармакотерапия сателлиттік симпозиумдар шеңберінде талқыланады.

"Жүрек мүмкіндігінше ұзақ қызмет етіп,  сүйе білу үшін күн сайын біздің қамқорлығымызды және бастапқы немесе қайталама профилактиканы қажет етеді. Біздің компаниямыздың қоржынында 13-тен астам кардиопрепараттар бар. Оларды тұрақты түрде  қолдану өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті SANTO компаниясының дәріқағазбен босатылатын препараттарды бөлшек сату бөлімінің директоры Анна Фарленкова.

************************************************************************************* 

SANTO туралы:

Santo Member of Polpharma Group сауда белгісімен қызмет жасайтын«Химфарм» АҚ (SANTO компаниясы) Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарықтарында қызметін жүргізетін  халықаралық Polpharma фармацевтикалық тобының бір бөлігі болып табылады. Компания қолжетімді, жоғары сапалы дәрі-дәрмектерді әзірлеп өндіреді және Қазақстан мен Орта Азия нарықтарына жеткізеді. Компания Қазақстанның фармацевтика нарығындағы көшбасшы болып табылады, оның қоржынында терапияның түрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармацевтикалық топқа жататын генериктік және түпнұсқалық 240-тан аса дәрі-дәрмек бар.

Компания өз өнімдерін Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Түркіменстан, Украина, Өзбекстан, секілді сегіз елдің нарықтарына экспорттап, ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Қосымша ақпарат алу үшін

Татьяна Филипчик, PR-менеджер

SANTO Компаниясы

e-mail: tatyana.filipchik@santo.kz

www.santo.kz

 

 

Бұл қызықты болуы мүмкін