АДАМДАР БІР-БІРІНЕ ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАЙДЫ

SANTO компаниясы, ҚР бірқатар емдеу мекемелері мен ұйымдарына дәрі-дәрмектерді, қорғану және зарарсыздандыру құралдарын жеткізу арқылы, коронавирус пандемиясына қарсы күрестің алдыңғы қатарындағы Қазақстанның медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетті.

Коронавирус індеті адамзат үшін үлкен сынаққа айналды. Соңғы жүз жылда алғаш рет барлық елдердің адамдары жұқпалы аурудың жаппай таралуы тек өз денсаулығына ғана емес, сондай-ақ өміріне де нақты қауіп төндіретініне көз жеткізді. Қауіп аймағына бірінші болып, COVID-19 зерттелмеген және зұлым вирусымен тең емес күреске түскен, дәрігерлер мен медицина қызметкерлері түсті.

Жұқтыру статистикасы бойынша, дәрігерлер жұқтырылған адамдардың жалпы санының үштен бір бөлігін құрауы мүмкін. Қауіпті вирустың таралуы біздің медицина қызметкерлеріміз үшін басты қатер болды. Себебі медицина қызметкерлері емделушілермен, оның ішінде коронавирус жұқтыруы мүмкін науқастармен, тұрақты байланыста болады. Сонымен қатар ауруханаларда, жоғары қажеттілік жағдайында қорғау құралдарын пайдалану себебінен, олардың тапшылығы пайда болды. Сондықтан SANTO компаниясы денсаулық сақтау жүйесінің сенімді серіктесі бола отырып, медицина қызметкерлеріне қорғану құралдарын жеткізуді өз басымдықтарының бірі ретінде таңдады.

SANTO компаниясы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының медицина қызметкерлеріне жеке қорғаныс құралдарын (визор маскалары, обаға қарсы костюмдер, медициналық қолғаптар мен маскалар) және Шымкент қаласындағы әскери бөлім үшін антисептикалық құралдарды жеткізді. Сондай-ақ компания Шымкент қалалық кардиологиялық орталығына және Алматы ғибадатханаларының біріндегі қарттар үйіне дәрі-дәрмектерді тапсырды.

«COVID-19 адамдардың өмірін түбегейлі өзгертті. Вирус Қазақстанның барлық аймақтарына тарады. Мемлекет халықты қорғауға барлық күш-жігерді жұмсады және біз оң нәтижелерді көріп отырмыз. SANTO компаниясы да шетте қалмады және емделушілердің денсаулығына жауапты бола отырып, барлық қажетті шараларды қабылдады, дәрі-дәрмек өндірісін жалғастырды және өндіріс көлемін арттырды. Барлық елдер өзін-өзі оқшаулауға тап болған жағдайда, Қазақстан пациенттерінің отандық тиімді және сапалы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуі өте маңызды. Сонымен қатар, SANTO компаниясы біздің заманымыздың батырларына – дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне көмек ретінде 100 000 АҚШ долларын бөлді. Осылайша, біз дәрігерлер мен барлық медицина қызметкерлеріне алғыс білдіргіміз келеді. Олар адамдардың өмірін сақтап, емделушілердің сауығуына үнемі қамқорлық жасауда. Бүгін өзара көмек және бір-бірімізге қолдау көрсету өте маңызды, тек жалпы күш-жігермен вирусты жеңе аламыз», – деп Santo компаниясының бас директоры, Ижи Урбанец айтты.

*************************************************************************************

SANTO туралы:

SANTO Member of Polpharma Group сауда маркасы бар «Химфарм» АҚ - Орталық пен Шығыс Еуропа, Кавказ және Орта Азия нарықтарында жұмыс істейтін Polpharma халықаралық фармацевтикалық топтың мүшесі болып табылады. Компания Қазақстан мен Орта Азия нарықтарына жоғары сапалы қол жетімді дәрілік заттарды дайындап шығарады және жеткізеді. Қазіргі таңда SANTO компаниясы қазақстандық фармацевтикалық өндірушілер арасында жетекші орында. Компанияның қоржынына терапияның әр түрлі салаларында ауруларды емдеуге арналған 12 фармакотерапиялық топтарда 240 генерикалық препараттар кіреді.

Компания 8 елдің - Ресей, Украина, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан нарықтарына экспортты жүзеге асырады және ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Қосымша ақпарат алу үшін :

Татьяна Филипчик, қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер

SANTO компаниясы

e-mail: tatyana.filipchik@santo.kz

www.santo.kz

Бұл қызықты болуы мүмкін