Алма дәмі бар ересектерге және балаларға өмірінің алғашқы күнінен бастап арналған «Нормобакт Аквабаланс» диеталық емдік және профилактикалық тамақтанудың арнайы өнімі.
Нормобакт Аквабаланс – бұл балаларға өмірінің алғашқы күнінен бастап және ересектерге арналған екі камералы Дуокам (DUOCAM) қалташасындағы, ауыз қуысының регидратациясы үшін, тұздарының және Lactobacillus rhamnosus GG пробиотиктің комбинациясы.
Қолдану саласы: Ағзаның сусыздануы кезінде су-электролит балансын қалпына келтіру, соннымен қатар ішек микрофлорасын қалпына келтіру және қолдау.
Өнімнің қасиеттері:
- Ағзаның су электролит балансын және ішек микрофлорасын қалпына келтіру;
- Әр түрлі этиологиядағы дегидратация (сусыздану) кезінде қолдану (жедел инфекциялық диарея; антибиотикпен байланысты диарея; іш жүргізетін дәрілік заттарды қабылдау; құсу; қатты терлеумен дене қызуының көтерілуі);
- Улану жағдайында қолдану;
- Ішек инфекциялары мен ротавирустық инфекцияның кешенді терапия құрамында қолдану.
Екі камералы қалташасының құрамы (2 г +3,89 г ):
А камерасы: декстроза, натрий хлориді, қышқылдықты реттегіш: натрий гидрокарбонаты Е500іі, калий хлориді, кесектелуге қарсы агент: аморфты кремний диоксиді Е551, «Алма» табиғи хош иістендіргіші (мальтодекстрин, гуммиарабик Е414, табиғи хош иісті композиция, Е1518 триацетин ылғал ұстағыш агенті), олигофруктоза, тұрақтандырғыш: гаур шайыры Е412; Б камерасы: мальтодекстрин, Lactobacillus rhamnosus GG. Na мен K тұздарының кешені, Lactobacillus rhamnosus GG пробиотигі. Дайын ерітіндінің құрамы мен осмолярлығы:
Дайын ерітіндінің осмолярлығы Балалар гастроэнтерологтары, гепатологтары және диетологтарының Еуропалық қауымдастығының (ESPHGAN) ұсынымдарына сәйкес келеді. · Натрий мен калий тұздарының кешені су-электролит балансын қалпына келтіреді. Сусыздану кезінде әртүрлі этиологиядағы ацидоз бен электролиттік бұзылыстарының алдын алуға көмектеседі. · Lactobacillus rhamnosus GG ATCC 53103 лактобактериясының штаммы антибиотикпен байланысты диарея мен ротавирустық инфекцияның алдын-алу және емдеу кезінде клиникалық дәлелденген тиімділікке ие және асқорыту жолында патогенді микроорганизмдердің өсуінің тежелуіне ықпал етеді. · Декстроза ағзаның негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін және эектролиттердің сіңуіне ықпал ететін энергия көзі болып табылады. · Мальтодекстрин пребиотикалық компонент болып табылады және ішектің қалыпты микрофлорасының өсуін ынталандырады. Қолдану бойынша нұсқаулар «Нормобакт Аквабаланс» ерітіндісін дайындау 1 екікамералы дуокам (DUOCAM) қалташасының ішіндегісін 200 мл салқындатылған қайнаған суға ерітіп, толығымен ерігенше мұқият араластырыңыз. Ағзаға тұздардың артық түсуін болдырмау үшін көрсетілген су мөлшерінен кем емес су мөлшерін қолдану маңызды. |
Нормобакт Аквабаланс көмегімен регидратация 2 кезеңнен тұрады:
Регидратацияның бірінші кезеңі: 4-6 сағатты құрайды. Егер дәрігер басқаша тағайындамаса, ерітіндінің қажетті көлемі 1 кг дене салмағына 50-100 мл мөлшерін құрайды. Болжамды көлемдер кестеде келтірілген.
*Ерітіндінің ең жоғары мөлшері балалар үшін тәулігіне 2200 мл-ден және ересектер үшін 4400 мл-ден аспауы тиіс. Құсу кезінде ерітіндіні жиі және аз мөлшерде қолдану ұсынылады. Бала үшін 1 сағатқа есептелген ерітіндінің мөлшерін әрбір 5-10 минут сайын 10-15 мл-ден дәрі тамызғыштың немесе шай қасықтың көмегімен беру керек. Регидратацияның екінші кезеңі: сұйық нәжістің әрбір эпизодынан кейін 50-100 мл, бірақ ауру симптомдары басылғанға дейін 1 кг дене салмағына тәулігіне (бірақ 3 тәуліктен аспайтындай) 50 мл кем емес мөлшерде қабылдау қажет. Егер ауру белгілері 3 тәулік немесе одан көп уақыт бойы сақталса, дәрігерге көріну керек. Қолдануға болмайтын жағдайлар: компоненттердің жеке төзімсіздігі. Шығарулы түрі: 8, 16 және 50 данадан картон қорабына салынған, салмағы 2 г және 3,89 г екі камералы дуокам қалташалары (DUOCAM). Салмағы 2 г және 3,89 г екі камералы Дуокам қалташасының (DUOCAM) тағамдық құндылығы: көмірсулар-4,61 г, ақуыздар-0 г, майлар-0 г, энергетикалық құндылығы-78,61кДж/18,50 ккал. Сақтау шарттары: құрғақ, күн сәулесінің тікелей түсуінен қорғалған, балалардың қолы жетпейтін жерде, +25°C аспайтын температурада сақтау керек. Сату шарттары: сату орындары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасымен айқындалады. Дәрілік зат емес. Жарамдылық мерзімі: 2 жыл. Өндіруші: “S.I.I.T. s.r.l.” Via Ariosto 50/60, 20090 Trezzano S/N, Milan, Италия. Тұтынушалардан шағымдарды қабылдауға уәкілетті ұйым / Импорттаушы: «Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шыкент қ., Рашидов к-сі, 81. Телефон номері +7 (7252) 610151. Автожауапберуші нөмері +7 (7252) 561342. Электрондық пошта мекенжайы: complaints@santo.kz
|