Боботик Форте, ішуге арналған тамшылар 135 мг/1 мл таңқурай хош иісімен

Статус препарата

Рецептісіз

Действующее вещество

 

Шығарылу түрі, дозалануы

ішуге арналған тамшылар 135 мг/1 мл таңқурай хош иісімен

Фармакотерапиялық тобы

Қолданылу саласы Боботик Форте медициналық мақсаттағы бұйымы асқазан-ішек жолында газ жиналуымен байланысты шаншу, іш кебуі, асқазанның толып кету сезімі, кекіру, диспепсия сияқты симптомдарды жеңілдету үшін өмірінің 28-күнінен бастап сәбилерде және 12 жасқа дейінгі балаларда қолдануға арналған.

Дәрі-дәрмек туралы қосымша ақпарат

Саудалық атауы

Боботик Форте, ішуге арналған тамшылар 135 мг/1 мл таңқурай хош иісімен

 

Құрамы

1 мл сұйықтықтың құрамында 135 мг симетикон.

3 тамшының құрамында 20 мг симетикон.

Қосымша заттар: натрий бензоаты (E211), лимон қышқылы моногидраты (E330), сахарин (E954), ксантан шайыры, таңқурай хош иістендіргіші, тазартылған су.

 

Өндіруші ұйымның атауы

«ПОЛЬФАРМА» АҚ фармацевтикалық зауыты

 

Қолданылу саласы

Боботик Форте медициналық мақсаттағы бұйымы асқазан-ішек жолында газ жиналуымен байланысты шаншу, іш кебуі, асқазанның толып кету сезімі, кекіру, диспепсия сияқты симптомдарды жеңілдету үшін өмірінің 28-күнінен бастап сәбилерде және 12 жасқа дейінгі балаларда қолдануға арналған.

 

Бұйым құрамындағы симетикон ішектегі газ көпіршіктерінің беткейлік тартылуын тиімді төмендетеді, олардың қосылуын және жарылуын жеңілдетеді. Зат газдың ішектен шығуына ықпал етеді және ауырудың пайда болу себебі болып табылатын іш кебуінің алдын алады. Симетикон ішке қабылданғаннан кейін асқазан-ішек жолынан сіңірілмейді және өзгермеген күйде нәжіспен шығарылады.

 

Қосымша зат ретінде құрсақ қуысының ағзаларын рентгенологиялық және ультрадыбысты зерттеу сияқты диагностикалық зерттеулерге дайындау үшін өмірінің 28-күнінен бастап сәбилерде және 12 жасқа дейінгі балаларда, сондай-ақ гастроскопия және дуоденоскопия кезінде қолданылады.

 

Қолдану тәсілі

Ішуге арналған тамшылар.

 

Гомогенді сұйықтық алу үшін қолданар алдында құтыны сілку керек.

Құты тамшылатқышпен жабдықталған, оның көмегімен қаптамаға кіретін қасықтың көмегімен балаға беруге болатын немесе медициналық бұйымды аузына тамызып, сосын балаға беретін тамшылардың қажетті мөлшерін өлшеу керек. Медициналық бұйымның өлшенген мөлшерін аздаған қайнаған салқын сумен, балалар тағамымен (сүт) немесе өзге газдалмаған сұйықтықпен араластыруға болады.

 

Мына симптомдарды жеңілдету үшін: асқазан-ішек жолында газ жиналуымен байланысты шаншу, іш кебуі, асқазанның толып кету сезімі, кекіру, диспепсия:

 

Өмірінің 28-күнінен бастап сәбилер және 2 жасқа дейінгі балалар: ас қабылдауға дейін, тамақтану уақытында немесе тамақтанудан кейін бірден 3 тамшы (20 мг симетикон).

Тәулігіне 18 тамшыдан (120 мг симетикон) артық қабылдамаған жөн.

 

2-12 жас аралығындағы балалар: ас қабылдауға дейін, тамақтану уақытында немесе тамақтанудан кейін бірден 36 тамшы (40 мг симетикон).

Тәулігіне 36 тамшыдан (240 мг симетикон) артық қабылдамаған жөн.

 

Күндізгі доза дәрігердің нұсқауларына сәйкес өзгеруі мүмкін.

 

Боботик Форте медициналық мақсаттағы бұйымын қолдану кезеңі дімкәстіктің ұзақтығына байланысты.

 

Дәрігердің кеңесінсіз Боботик Форте медициналық мақсаттағы бұйымын 4 аптаға дейін қолдануға болады. Қажет болғанда және дәрігердің кеңесінен кейін медициналық мақсаттағы бұйымды ұзағырақ уақыт қолдануға болады.

 

Диагностикалық зерттеулерге дайындау кезінде:

 

Зерттеуге дейін бір күн бұрын:

Сәбилер өмірінің 28-күнінен бастап 2 жасқа дейін: тәулігіне 2 рет 3 тамшы (20 мг симетикон)

2-12 жас аралығындағы балалар: тәулігіне 2 рет 6 тамшы (40 мг симетикон) қабылдау керек.

Зерттеу күні таңертең, аш қарынға:

Сәбилер өмірінің 28-күнінен бастап 2 жасқа дейін: 3 тамшы (20 мг симетикон).

2-12 жас аралығындағы балалар: 6 тамшы (40 мг симетикон) қабылдау керек.

 

Жағымсыз әсерлер

Жағымсыз әсерлері туралы хабарламалар жоқ.

Аталған бұйым 28 күннен асқан емшектегі балаларға қолдануға арналғандығы туралы фактіні ескере отырып дәрігердің кеңесінсіз басқа препараттармен біріккен ем жүргізуге болмайды.

Жағымсыз әсерлер, аллергиялық реакциялар немесе өзге де жағымсыз құбылыстар басталған жағдайда бұл туралы бұйым өндірушісіне хабарлау керек.

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Боботик Форте медициналық бұйымын мына кезде қолданбайды:

  • симетиконға немесе медициналық мақсаттағы бұйымның қандай да бір компоненттеріне жоғары сезімталдық жағдайында;
  • асқазан-ішек жолының бітелуі немесе тесілуі белгіленсе немесе соған күдік болса;
  • жаңа туған балаларға (28 күнге дейінгі балалар).

 

Айрықша нұсқаулар

Боботик Фортені әрқашан медициналық мақсаттағы бұйымды қолдану жөніндегі нұсқаулықтағы нұсқауларға сәйкес қолдану керек. Күдікті жағдайларда дәрігерге немесе фармацевтке қаралу керек.

Ұсынылған дозадан асырмау керек.

Медициналық бұйымның дозасын қабылдауды жіберіп алу емдеу курсының ағымына елеулі ықпал етпейді. Емді жалғастырып, дозалау режимін сақтау керек.

Жіберіп алған дозаның орнын толтыру мақсатында қосарлы доза қабылдамаған жөн.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

Тамшылатқышы бар қоңыр шыныдан жасалған құтыдағы 30 мл сұйықтықтан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады. Қаптамада қасық бірге жүреді.

 

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Ашылған қаптаманы 3 ай ішінде пайдалануға болады.

 

Жарамдылық мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Жарамдылық мерзімі осы айдың соңғы күнін білдіреді.

 

Өндіруші ұйым

«ПОЛЬФАРМА» АҚ фармацевтикалық зауыты

Серадздегі Медана бөлімі

Владислав Локетка көшесі 10, 98-200 Серадз, Польша

 

 

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ-сы, Қазақстан Республикасы, Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі +7 7252 (610151)

Электрондық поштасы complaints@santo.kz

 

Қазақстан Республикасы аумағында медициналық мақсаттағы бұйымның қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ-сы, Қазақстан Республикасы, Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі +7 7252 (610150)

Электрондық поштасы phv@santo.kz; infomed@santo.kz