ФИТОЛИЗИН nefroCAPS – асқа қосымша биологиялық белсенді қоспа ретінде, флавоноидтер көзі болып табылады, бүйрек пен несеп шығару жолдарының қалыпты қызмет етуін қолдауға жағдай жасайды.
Шығарылу түрі: 356 мг салмағымен капсулалар.
Құрамы: қызыл таспа шөбінің құрғақ сығындысы, жатаған бидайық тамырсабағының құрғақ сығындысы, қотыр қайың жапырақтарының құрғақ сығындысы, бұйраланған ақжелкен тамырының құрғақ сығындысы, дәрілік сүйментамыр тамырының құрғақ сығындысы, дала қырықбуын шөбінің құрғақ сығындысы, кәдімгі сарыраушан шөбінің құрғақ сығындысы, микрокристалды целлюлоза (толтырғыш), коллоидты сусыз кремний (нығыздалуға қарсы агент), магний стеараты (нығыздалуға қарсы агент); капсула (желатин, су, бояғыштар: титан диоксиді, темірдің сары оксиді, хлорофиллиннің мыс кешені).
Биологиялық белсенді заттар | Тәуліктік доза құрамы (3 капсула), мг | тәулік ішінде тұтыну деңгейі, % * |
Флавоноидтер (рутинге қайта есептегенде) | 27,0-ден кем емес | 90-нан кем емес |
*- «Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға» (II-тарау,1- бөлім, 5-қосымша) сәйкес тәулік ішінде тұтынудың сәйкес деңгейінен.
Тағамдық құндылығы | Тәуліктік доза құрамы (3 капсула) | 100 г-да |
Энергетикалық құндылығы | 14,418 кДж / 3,418 кКал | 1350 кДж / 320 кКал |
Ақуыздар | 0,192 г | 18 г |
Майлар | 0,003 г | 0,3 г |
Көмірсулар | 0,559 г | 52,3 г |
Компоненттердің қасиеттері:
ФИТОЛИЗИН nefroCAPS асқа қосымша биологиялық белсенді қоспаның құрамына кіретін 7 өсімдік сығындысының кешені бүйрек пен несеп шығару жолдарының қалыпты қызмет етуін қолдауға жағдай жасайды.
Қызыл таспа мен кәдімгі сарыраушанның құрғақ сығындылары несеп шығару жолдарынан несеп тастарын шығаруға жағдай жасайды және олардың түзілуіне жол бермейді.
Жатаған бидайықтың, қотыр қайыңның, дәрілік сүйментамырдың және кәдімгі сарыраушанның құрғақ сығындылары ағзадан артық сұйықтықты шығаруға жағдай жасайды, ал қотыр қайыңның және бұйраланған ақжелкеннің құрғақ сығындылары бүйрек ұлпасы мен несеп шығару жолдарына түйілуді басатын әсер береді.
Сонымен қоса, қызыл таспаның, дала қырықбуынның және қотыр қайыңның құрғақ сығындылары, құрамында биологиялық белсенді қоспа кешенінің болуы арқасында, қабынуға қарсы әсер береді.
Қолдану бойынша ұсыныстар:
Ішке, тамақтану алдында күніне 1 капсуладан 3 рет, жеткілікті су мөлшерімен (½ стақаннан кем емес) қабылдау керек.
Қолданар алдында дәрігермен кеңесу қажет.
Асқа қосымша биологиялық белсенді қоспа. Дәрі болып табылмайды. ГМО-сыз. Қолдануға болмайтын жағдайлар:
ББҚ компоненттерін адамның жеке қабылдамауы; жүктілік, емізу кезеңі.
Өзара әрекеттесуі:
Дәрілік препараттармен немесе тамақ өнімдерімен үйлесімсіздігі туралы мәліметтер жоқ.
Сақтау шарттары:
Күн сәулесінен қорғалған, құрғақ жерде, +25 °С-тан жоғары емес температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі:
2 жыл. Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға тыйым салынады.
Қаптама:
Блистерде 10 капсуладан. Картоннан жасалған қорапта қосымша парақпен бірге 3 блистер.
Тарату шарттары:
Дәріхана желісі және мамандандырылған дүкендер, сауда желісінің бөлімдері арқылы.
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік:
03.08.2017 жылғы № KZ.16.01.95.003.E.000612.08.17
Өндіруші:
Гербаполь Варшава ЖШҚ,
05-800 Прушкув, Олувков көш. 54, Польша
Тұтынушылардан шағымдарды қабылдауға уәкілетті ұйым/Импорттаушы:
«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы, Рашидов көш., 81 Телефон нөмірі: +7 7252 (561342) Факс нөмірі: +7 7252 (561342)
Электрондық пошта мекенжайы: infomed@santo.kz