Тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспа
«Нормобакт Complex»
Дәрі болып саналмайды
Шығарулы түрі: қақпағында 118 грамм ұнтағы бар, 7 мл құтылардағы сұйықтық. Қолдану жөніндегі нұсқаулықпен қатырма қораптағы 10 құты
Құрамы: тазартылған су, фруктоза, мальтодекстрин, жеміс олигосахаридтері, Lactobacillus acidophilus LA14, Bifidobacterium Longum BB536, инулин, L-аскорбин қышқылы (С дәрумені), “Жидектер” хош иістендіргіші, калий сорбаты консерванты, лимон қышқылы (қышқылдық реттегіші), натрий бензоаты консерванты, никотинамид (ниацин) (PP дәрумені), май қышқылдарының магний тұздары (жентектелуге қарсы агент), Д-кальций пантотенаты (пантотен қышқылы), кремний диоксиді (жентектелуге қарсы агент), ретинол ацетаты (А дәрумені), пиридоксин гидрохлориді (В6 дәрумені), рибофлавин (В2 дәрумені), тиамин мононитраты (В1 дәрумені), цианокабаламин (В12 дәрумені), холекальциферол (D3 дәрумені).
Қолдану саласы: тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспа – пробиотик микроорганизмдердің (лакто және бифидобактериялар) көзі, D3, С, А, B12 дәрумендерінің, құрамында В1, В2, В6 дәрумендері, ниацин бар пантотен қышқылының қосымша көзі ретінде халыққа сатуға арналған. Асқазан мен ішекте патогендік бактериялардың дамуына жол бермеуге септігін тигізеді:
– антибиотиктермен емдеу кезінде, сондай-ақ антибиотиктер қолдануды тоқтатқаннан кейін 2-3 апта бойы.
– әдеттегі климаттық жағдайлар өзгерген кезде, соның салдарынан ішекте пайдалы микрофлораның құрамында өзгерістер жүруі мүмкін саяхаттар кезінде.
– ішек микрофлорасының тепе-теңдігі бұзылған жағдайда (дисбактериоз).
– созылмалы іш қатудың алдын алуда.
Нормобакт Complex құрамындағы Lactobacillus acidophilus LA14, Bifidobacterium Longum BB536 бактерияларының комбинациясы:
– лактозаны көтере алмаушылықты азайтады
– бактериялардың шамадан тыс өсу синдромының айқын белгілерінің азаюына септігін тигізеді.
Қолдану жөніндегі ұсынымдар: мөлшерлегіш-қақпақтағы ұнтақты құтыдағы сұйықтыққа ағызу үшін құтының қақпағын сағат тілімен бұраңыз. Осыдан кейін құтыны қатты сілкілеп шайқап, қақпағын бұрап ашып, құтының ішіндегісін ішу керек. Ересектер күніне 1 құтыдан тамақпен бірге ішеді. Жүктілік және емізу кезінде дәрігердің ұсынымдарын орындау керек.
Тәуліктік мөлшерінің қамтамасыз ететін әсері:
ББҚ ұсынылған мөлшерде (1 құты) қабылданған жағдайда ағзаға түсетін заттар:
Көрсеткіш | Мөлшері | Тұтыну нормасы % |
С дәрумені, мг | 12 | 20* |
А дәрумені, мг | 0,12 | 15* |
D3 дәрумені, мкг | 0,75 | 15* |
Ниацин, мг | 2,4 | 11* |
Пантотен қышқылы, мг | 0,9 | 15* |
Лактобактериялар, КТБ | 5*109 | -** |
Бифидобактериялар, КТБ | 1*109 | -** |
В1 дәрумені, мг | 0,165 | 12* |
В2 дәрумені, мг | 0,21 | 13* |
В6 дәрумені, мг | 0,21 | 10,5* |
В12 дәрумені, мкг | 0,375 | 37,5* |
* КО ТР 022/2011 сәйкес (2-қосымша);
**”Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға” сәйкес (ІІ тарау, 1-бөлім, 5-қосымша).
“Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға” сәйкес ТЖРД мәнінен аспайды (ІІ тарау, 1-бөлім, 5-қосымша).
Нормобакт Complex құрамына кіретін қосымша компоненттердің қасиеттері (тәуліктік норманы тұтыну кезінде):
С дәрумені – иммунитеттің жоғарылауына ықпал етеді, суық тиюге әкелетін қолайсыз факторлардың әсерін азайтады, тамақтағы темірді сіңіруді жақсартады.
А дәрумені – тотығу-қалпына келу процестеріне, ақуыз синтезін реттеуге қатысады, қалыпты зат алмасуға, жасушалық және қосалқы жасушалық мембраналардың қызметіне септігін тигізеді.
D3 дәрумені – ағзаның фосфор-кальций тепе-теңдігінің маңызды реттегіші болып табылады, сонымен қатар сүйектерге кальцийдің жеткізілуін реттейді, бұлшықет жасушалары мен бұлшықет дәнекер тінінің құрылымын қалыптастыруға қатысады, микробтарға іштен қалыптасатын иммунитетті қолдайды, нейротрофиялық, нейропротекторлық, антиатеросклероздық әсерлерінің арқасында жүйке жүйесінің дұрыс қалыптасуы мен қызметіне ықпал етеді, глюкоза мен майдың метаболизмін реттейді, әйелдер мен ерлердің репродуктивті денсаулығын жақсартады.
Ниацин – көмірсу алмасуды жақсартуға көмектеседі, тамыр кеңейтетін әсерге ие, гиполипидемиялық белсенділігі бар.
Пантотен қышқылы – антиденелердің түзілуінде маңызды рөл атқарады, басқа дәрумендердің жақсы сіңуіне көмектеседі, сонымен қатар нейромедиаторлардың синтезіне, май қышқылдарының метаболизміне қатысады.
В дәрумендері – жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының қабыну және дегенерациялық ауруларына оң әсерін тигізеді. Қан ағымының күшеюіне ықпал етеді және жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады.
Қарсы көрсетілімдер: компоненттерді жеке көтере алмаушылық. Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.
Қабылдау ұзақтығы – 10-14 күн. Қажеттілікке қарай қайта қабылдауға болады. Қолданар алдында құтыны мұқият сілкілеу қажет.
Жарамдылық мерзімі: 2 жыл.
Сақтау шарттары: құрғақ, жарықтан қорғалған, балалардың қолы жетпейтін жерде, 25 °С-тан аспайтын температурада сақтау қажет.
Мемлекеттік тіркеу куәлігінің № және берілген күні:
Дайындаушы ұйым: S.I.I.Т. S.r.l, Via L. Ariosto 50/60, Trezzano sul Naviglio (municipality), Milan (Province), Италия.
Импорттаушы/Тұтынушылардың арыз-шағымдарын қабылдайтын ұйым:
«Химфарм» АҚ, 160019 ж. Шымкент, Әл-Фараби ауданы, Шараф Рашидов көшесі, 81-үй, Қазақстан.
Тел:+7 7252 (610151)
GMP (Good Manufacturing Practice) сапа стандарттарына сәйкес өндірілген