1
миллиард
таблетка
255
миллион
капсула
7,5
миллион
саше
135
тонна
таблетка массасы дымқыл түйіршіктеу арқылы
46,7
миллион
құты цефалоспориндер қатарындағы антибиотиктер
15,5
миллион
құты енема/мицин қатарындағы антибиотиктер
8,4
миллион
құты стерильді емес сұйық дәрілік заттар
250
миллион ампула
инъекциялық ерітінділері бар
1882
Зауыт негізінің қалануы
Santo зауыты – Қазақстанның ежелгі фармацевтикалық
кәсіпорындарының бірі. Оны 1882 жылы көпес Иванов пен
Савенков ақ жусан негізінде антигельминтикалық зат –
«Сантонин» дәрілік препаратын шығаратын зауыт ретінде құрды.
Бүгінгі күні жусан бұтағы Шымкент қаласының елтаңбасында
бейнеленген, фармацевтикалық кәсіпорынның ашылуы осы қаланың
дамуына күшті серпін болды.
1991–1917
КСРО кезіндегі жұмыс
Кеңес кезеңінде зауыт өсімдік шикізатынан фармацевтикалық
заттарды шығаратын ірі өндіруші және есірткі заттарын
өндіруші болды.
1993
«Химфарм» АҚ-на қайта құру
Осы кезеңнен бастап тәуелсіз Қазақстанда фармацевтикалық
өндірістің дамуы басталып, дайын дәрілік заттар өндірісі
жолға қойылды.
2011
Polpharma тобының құрамына кіру
Шамамен 108 млн АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жобаны
іске асыру шеңберінде GMP халықаралық сапа стандартына
сәйкес фармацевтикалық өндірісті ауқымды жаңғыртудың
басталуы.
2014
Препараттарды ампулалар мен инфузияларда өндіруді бастау
ҮИИД Мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа өндірістік цех
ашылды. Қазіргі уақытта онда үлкен және аз мөлшердегі
парентеральді ерітінділерді шығару жолға қойылды.
2016
Антибиотик ұнтақтарын өндіруді бастау (GMP)
Цефалоспорин және пенема/мицин қатарындағы антибиотик
ұнтақтарын шығаратын жаңа цех GMP халықаралық стандартына
сәйкес келеді және екі жеке желіде шығарылады.
2017
Қатты дәрілік түрлер өндірісін бастау (GMP)
Зауыттың 135 жылдығын тойлау аясында құрғақ түйіршіктеу
әдісімен қатты пероральді дәрілік заттарды өндіретін жаңа
цех іске қосылды.
2018
Пероральді сұйық дәрілік заттарды өндіруді бастау (GMP)
және қойманы жаңғырту (GDP)
Шығарылатын өнім ассортиментін кеңейту шеңберінде өндірістің
жаңа бағыты – пероральді сұйық дәрілік заттар өндірісі
енгізілді, GMP қайта сертификаттауынан өтті, зауыттың
жаңғыртылған дәріхана қоймасына GDP сәйкестік сертификатын
алды.
2019
Ылғалды түйіршіктеу әдісімен қатты пероральді дәрілік
заттарды өндіруді бастау (GMP), SANTO зауытында цифрлық
инженерлік және білім беру орталығы мен «Болашаққа көзқарас»
мүсінінің ашылуы.
2020
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК RX КОРПОРАЦИЯСЫ 2020» номинациясындағы
жеңіс
SANTO компаниясы алғаш рет Қазақстанның фармацевтикалық
нарығында «BEST RX CORPORATION KAZAKHSTAN 2020 /
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК RX КОРПОРАЦИЯСЫ 2020» номинациясында
IQVIA RX & CONSUMER HEALTH AWARDS 2020 жеңімпазы атанды.
2021
«ПАРЫЗ» республикалық байқауындағы жеңіс
SANTO компаниясы алғаш рет «Парыз – 2021» әлеуметтік
жауапкершілік бойынша республикалық байқауының «Үздік
әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша жеңімпазы
атанды.
2021
EURASIAN PHARMA AWARD байқауындағы жеңіс
SANTO компаниясы алғаш рет Eurasian Pharma Award-2021
байқауының «Жылдың жергілікті компаниясы» номинациясы
бойынша жеңімпазы атанды.
2022
Нарық көшбасшысы
SANTO VI ortis консалтингтік компаниясының тәуелсіз зерттеуінің нәтижелері бойынша нарық көшбасшысы атанды.
2023
№3 ТПӨО цехында жаңа учаскелердің ашылуы
№3 ҚДЗӨЦ цехында тығыздау (құрғақ түйіршіктеу) технологиясы бойынша қатты ДӨ өндіру учаскесін және таблеткаларды қабықпен қаптау жаңа учаскесінің ашылуы
2023
Eurasian Pharma Awards жеңімпазы
Eurasian Pharma Awards байқауында "Жылдың Жергілікті компаниясы" және "жылдың экспорттаушысы"номинацияларында жеңіске жетті
2023
GMP сертификатын алу мақсатында ЕО-ға сұрау салу
Santo Еуропалық Одаққа Еуропалық үлгідегі GMP сертификатын алу мақсатында Қазақстанда зауытқа инспекция жүргізуге сұрау салды