Ғылыми-ақпараттық хабарлама
жаңа атау бойынша

SANTO компаниясы 2023 жылдың шілдесінен бастап Кетотоп сауда атауымен шығарылатын Santo кетопрофендер желісі жаңа тіркеу куәліктері бар жаңа Феброфид сауда атауымен шығарылатынын хабарлайды. Жаңа сауда атауымен қатар қаптаманың өзгертілуі де жүргізілді. Феброфидтің барлық түрлерінің дизайны бірыңғай стандартқа сәйкес жасалды. Аталған өзгерістер пациенттер үшін дәрілік заттың түрлері мен мөлшерінің қолжетімділігіне әсер етпейді.

Феброфид деп аталатын Santo кетопрофендер тобы инъекцияларды, таблеткаларды, капсулаларды және сыртқы қолдануға арналған гельді қамтитын өткір және созылмалы ауырсынуды басуға арналған стероидты емес қабынуға қарсы препараттар тобына жатады.

2024 жылдан бастап Santo кетопрофендерінің желісі феброфидтің жаңа сауда атаумен тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде емдеу-сақтандыру мекемелеріне жеткізіледі. Кетопрофеннің түрлері жаңа сауда атауымен Santo шығарған Феброфид жаңа қаптама дизайнымен нарықта келесі мөлшерлерде қол жетімді:

SANTO КЕТОПРОФЕННІҢ ЕСКІ ТОПТАМАСЫSANTO КЕТОПРОФЕННІҢ ЖАҢА ТОПТАМАСЫ
Инъекцияға арналған Кетотоп ерітіндісі 100мг/2мл №10 ҚР-ДД-5№013002Инъекцияға арналған Феброфид ерітіндісі 100мг/2мл №5 ҚР-ДД-5№025390
Кетотоп Форте 100мг №20 ҚР-ДД-5№018346 Феброфид Форте 100мг №20 ҚР-ДД-0№025728
Кетотоп 50мг №20 ҚР-ДД-5№018675 Феброфид Форте 100мг №20
РК-ЛС-0№025728
Кетотоп 50мг №20 ҚР-ДД-5№018675 Феброфид 50мг №20 ҚР-ДД-0№025727

Белсенді зат кетопрофен-пропион қышқылының туындылар тобына жататын және циклооксигеназа-1 және циклооксигеназа-2 селективті емес баяулатқыш ретінде әрекет ететін стероидты емес қабынуға қарсы дәрмек. Ол айқын анальгетикалық, қабынуға қарсы және қызуды түсіретін әсерге ие және симптомдық емдеуге, ауырсынуды және қабынуды азайтуға арналған болып табылады. Кетопрофен мақсаты ауқымды маңызды дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізіміне кіреді. **********************************************************************************

SANTO Member of Polpharma Group туралы

Santo Member of Polpharma Group компаниясы-Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарықтарында жұмыс істейтін Polpharma Халықаралық фармацевтикалық тобының мүшесі. Компания Қазақстан мен Орталық Азия нарықтарына жоғары сапалы қолжетімді дәрілік заттарды әзірлейді, өндіреді және жеткізеді. Бүгінгі таңда Santo Member of Polpharma Group қазақстандық фармацевтикалық өндірушілер арасында көшбасшы орынға ие. Компанияның портфолиосы емдеудің әртүрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармакотерапиялық топтағы 240-тан астам генериялық препараттарды қамтиды.

Компания өкілдіктері Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінде жұмыс істейді, Ресей мен Моңғолияға экспортты жүзеге асырады және Қазақстан нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Қосымша ақпарат:

Татьяна Филипчик, аймақтық PR менеджері

Тел. +77012111029

SANTO компаниясы

e-mail: tatyana.filipchik@santo.kz  

www.santo.kz

Бұл қызықты болуы мүмкін