Тағамдық биологиялық белсенді қоспаны қолдану жөніндегі нұсқаулық.
ФИТОЛИЗИН РRENATAL – тағамға биологиялық белсенді қоспа, проантоцианидтер мен С дәруменінің қосымша көзі болып табылады.
Шығарылым түрі: массасы 840 мг жұмсқа капсулалар.
Құрамы: орта тізбекті триглицеридтер; ірі жемісті мүкжидек жемістерінің сығындысы
(25:1); капсуланың қабыршағы (тағамдық (шошқа) желатин, глицерол (ылғалұстағыш агент), тазартылған су, титан диоксиды (Е171) (бояғыш), темір оксиды қызыл (Е172) (бояғыш)); соя лецитины (эмульгатор); L-аскорбин қышқылы; коллоидты кремний диоксиды (Е551) (тұрақтандырғыш).
Қолданылу саласы
Тағамға биологиялық белсенді қоспа – проантоцианидтер мен С дәруменінің қосымша
көзі ретінде. Проантоцианидиндердің қамтылуы бойынша стандартталған ірі жемісті мүкжидек жемістерінің сығындысы (Vaccinum macrocarpon) (25:1), несеп шығару жолдарынан Е. Соli бактериясының эламинациясын жеңілдету жолымен несеп шығару жүйесінің қызмет етуін жақсартуға әсерін тигізеді.
Пайдалану бойынша ұсыныстар:
Ересектер алғашқы үш күнде 1 капсуладан күніне үш рет ас қабылдау кезінде, кейінңен
күніне І капсуладан қабылдайды. Қабылдау ұзақтығы 2 аптадан 4 аптаға дейін. Қажет жағдайда дәрігердің нұсқауы бойынша қайта қабылдауға болады. Жүктілік кезінде қолдану: дәрігердің нұсқауы бойынша мүмкін.
Тағамдық биологиялық белсенді қоспа. Дәрілік зат емес.
Қарсы көрсетілімдері
Соя мен ББҚ-ның басқа компонеттерін жеке-дара көтере алмау. Қолданар алдында дәрігердің кеңесін алу қажет.
Өзара әрекеттесуі
Дәрілік заттармен немесе тағамдық өнімдермен үйлесімсіздігі туралы мәліметтер жоқ.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалы қаптамасында құрғақ, тікелей күн сәулесінен қорғалған, 259С аспайтын температурада сақтау қажет. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі
2 жыл. Қаптамада көрсетілген жарамдылық аяқталғаннан соң пайдалануға болмайды.
Қаптамасы
Блистерде 12 жұмсақ капсуладан. 1,2,3 немесе 5 блистерден қосымша парақпен бірге картонды қаптамаға салады.
Босатылу шарттары
Дәріханалық желі мен мамандандырылған дүкендер, сауда желісінің бөлімшелері арқылы.
Мемлекеттік тіркеу куәлігі № КZ.16.01.98.003.Е.001353.01.17, 06.01.2017
Өндіруші:
Медана Фарма Акционерлік Қоғамы
98-200 Серадз, В. Локетка көшесі, 10, Польша
(өндіріс мекен-жайы: 98-200 Серадз, Польская Организация Войсковая көш., 57, Польша)
Тұтынушылардан наразылықтарды қабылдауға уәкілетті ұйым/ Импорттаушы:
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов көш.. 81. Телефон нөмірі –7 7252 (561342) Факс нөмірі –7 7252 (561342)
электронды пошта мекен-жайы infomed@santo.kz