SANTO-НЫҢ ЖАҢА ЛОГОТИПІ

SANTO-НЫҢ ЖАҢА ЛОГОТИПІ

SANTO компаниясының жаңа логотипі компанияның өткен 10 жылдағы трансформациясын мен жаңа кең ауқымды мақсаттарға ұмтылысын білдіреді. Ескере кететін жәйт, SANTO сауда белгісінің ең алғашқы логотипі осыдан 20 жылдай бұрын, Қазақстанда фармацевтика саласының дамуы енді ғана қолға алынған кезде жасалған, және оның символы ретінде сарғыш түсті таблетка таңдалды. Ол адамның өзіне деген сенімін, еліміздің азаматтарын сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ниетін және дамуға деген ұмтылысын бейнеленген. Осы уақыт ішінде компания үлкен қадамдар жасап, 2011 жылы халықаралық Polpharma фармацевтикалық тобына қосылды. Осы сәттен бастап SANTO зауытында өнімнің жоғары сапасына, қауіпсіздігі мен тиімділігіне кепілдік беретін заманауи технологияларды пайдалана отырып, GMP сапа халықаралық стандарттарына сәйкес өндірісті жаңғырту бойынша ауқымды жоба басталды. Компанияның трансформациялануы кезінде SANTO логотипінен таблетка алынып тасталып, бренд атауының графикалық жазбасы ғана қалды. Сондықтан, дәрілік заттардың бастапқы және қайталама қаптамаларындағы SANTO логотипінде таблетка бейнеленген немесе бейнеленбеген де болуы да мүмкін. Айта кетейік, бұл препараттар жалған болып табылмайды, олар бекітілген технологиялық құжаттамаға, тіркеу деректерінің талаптарына және тиісті өндірістік тәжірибенің (GMP) талаптарына сәйкес өндірілген және қапталған болатын. Олардың сапасы, қауіпсіздігі және тиімділігі ресми сертификаттардың болуымен, уәкілетті органдардың тәуелсіз зертханаларда жүргізген сынақтарының нәтижелерімен расталған. 2021 жылы Polpharma тобының Қазақстандағы инвестициялық жобасына 10 жыл толған кезде, компания логотипі де жаңартылды. Енді SANTO мен Polpharma тобының логотипінде бірегей символ - динамикалық орындауында дөңгелекте қиылысқан сызықтар түрінде таблетка пайда болды. Логотип біздің өнімдеріміздің сапасы жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетіндігінің, ал SANTO компаниясы Polpharma тобының лайықты мүшесі екендігінің неғұрлым заманауи, жаңа қуатқа толы серпінді символына айналды. Бұл біздің жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің шынайы мойындалуын білдіреді! Болашақта, SANTO компаниясының бұрын жарамды болған логотипі бейнеленген қалған препараттар сатылғаннан кейін, дәрілік қаптамаларда жаңа қою көк түсті логотип пайда болады. ****************************************************************************************** SANTO туралы: SANTO Member of Polpharma Group сауда белгісі бар «Химфарм» АҚ (SANTO компаниясы) Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарықтарында жұмыс істейтін Polpharma Халықаралық фармацевтикалық тобының мүшесі. Компания жоғары сапалы қолжетімді дәрі-дәрмектерді өндіріп шығарып, оларды Қазақстан мен Орталық Азия нарықтарына жеткізумен айналысады. Бүгінгі таңда SANTO қазақстандық фармацевтикалық өндірушілер арасында жетекші орынға ие. Компанияның қоржынында терапияның әртүрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармакотерапиялық топтағы 240-тан астам генериктік препараттар бар. Компания Қырғызстан мен Өзбекстанда өз өкілдіктерін ашып, Ресей мен Моңғолияға өз өнімдерін экспорттайды және Қазақстан нарығының сұранысын да қанағаттандырады.

******************************************************************************************

SANTO туралы:             

SANTO Member of Polpharma Group сауда белгісі бар «Химфарм» АҚ (SANTO компаниясы)  Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарықтарында жұмыс істейтін Polpharma Халықаралық фармацевтикалық тобының мүшесі. Компания жоғары сапалы қолжетімді дәрі-дәрмектерді өндіріп шығарып, оларды Қазақстан мен Орталық Азия нарықтарына жеткізумен айналысады. Бүгінгі таңда SANTO қазақстандық фармацевтикалық өндірушілер арасында жетекші орынға ие. Компанияның қоржынында терапияның әртүрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармакотерапиялық топтағы 240-тан астам генериктік препараттар бар.

Компания Қырғызстан мен Өзбекстанда өз өкілдіктерін ашып, Ресей мен Моңғолияға өз өнімдерін экспорттайды және Қазақстан нарығының сұранысын да қанағаттандырады.

Бұл қызықты болуы мүмкін