SANTO компаниясы «Өмір ырғағы» атты скринингтер сериясын өткізді Толығырақ: https://egemen.kz/article/170505-santo-kompaniyasy-oemir-yrghaghy-atty-skriningter-seriyasyn-oetkizdi

Дәстүр бойынша мамыр айының екінші сенбісінде Дүниежүзілік күретамыр гипертониясы күні атап өтіледі. Дәрігерлер «білдірмей алатын ауру» деп ат қойған бұл дерттің алдын алу мақсатында SANTO компаниясы еліміздің бірқатар қалаларында «Өмір ырғағы» атты жедел скринингтер сериясын өткізді. Бұл акция Орал қаласында мәреге жетті.



ДДСҰ мәліметтеріне сәй­­кес, әлемде әрбір бесінші ере­сек адамда жоғары қан қысы­­мы бар. Бұл – соңы қаза­­мен аяқталатын инсульт пен жү­рек ауруларының жар­тысынан астамына себеп­ші.

Әлеуметтік жоба аясын­да қажет деп тапқандар қан­ қысымын өлшеп, холесте­рин деңгейін анықтап, дәрі­герлерден кеңес алды. Бұл бас­тама күретамыр гипертониясын, жүрек ауруларын диа­гностикалау мен емдеудің, алдын алудың тиімді тәсіл­дерінен халықты хабардар етуге бағытталды. Емхана дәрігерлерінің қа­ты­суымен өткізілген жедел­ скринингтер Атырау, Орал, Шымкент, Ақтөбе, Қара­ған­ды, Саран, Рудный қала­ларында ұйым­дастырылды. Скринингтен өткендердің қан қысымы қа­лыпты дең­гей­ден ауытқыған жағ­дайда, қатысушылар сол жер­де дәрігерден ке­ңес алды. Сондай-ақ күрета­мыр гипертониясына шал­­дықтыратын себептер мен оның қауіпті салдары жөнінде парақшалар таратылды.

«Өмір ырғағы» жобасы жүрек-қан тамыры жүйе­сін­дегі ауруларды дер кезінде анық­тап, тұрақты емделіп тұ­ру­дың маңыздылығына жұрт­тың назарын аударуға бағыт­талған. Қазірдің өзін­де жобаға мыңнан аса адам қатысып үлгерді. Мұн­дай жедел скринингтер халық­тың өз денсаулығын ойлап, қажет болған жағдайда тиіс­ті ем-домды қабылдауға сеп­тесетініне сенімдімін», деді компанияның қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Елена Арышева.    

Статистикаға сенсек,­ Қа­зақ­станда бұл дерт өзек­ті мә­се­­леге айналған. Еліміз­дің­ ересек тұрғындары ара­­сын­­дағы күретамыр гипер­тензиясының таралу кеңдігі 49,8 пайызды құрайды. Осы тұста жүрек-қан тамыры жүйесімен байланысты қауіп факторлары жайында тұрғындардың 25 пайызы ғана білетінін атап өткен жөн. Оның үстіне дәрігерлер гипертензияға қарсы препараттарды тұрақ­ты түрде гипертонияға шалдық­қан­дардың 27 пайызы ғана қабылдайтындығын алға тартады. Олардың ішінде 22 пайызы мақсатты көр­сеткішке қол жеткізіп, қан қысымын реттеп отырады екен.

Осы ретте қан қысы­мы­­ның деңгейі мен жүрек-қан­ тамыры жүйесіндегі ауру­лардың арасында өзара бай­ланыс бар екендігі дәлел­денген. Бұл жағдайдың адам қазасына әкелетіні де сирек оқиға емес. Күретамыр ги­пер­тензиясына әкелетін фак­торларға генетикалық бейім­ділік, қант диабеті, яғни сусамыр, се­міз­дік, бүй­рек аурулары, ас тұ­зын, ішімдікті шектен тыс тұ­тыну, шылым шегу, күй­зеліс, аз қимылдау жатады. Осын­дай факторлардың ортақ әсерімен күретамыр гипертензиясы дамиды. Жоға­ры қан қысымын емдемесе немесе оған мән бермесе, оның салдары не инфракт, не ми инсульты, не бүйрек қыз­метінің жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін. Күретамыр гипертензиясының «білдір­мей жан алғыш» деген атқа ие болғаны да осымен байланысты.

Жедел скринингтер ке­зінде гипертонияға шал­дық­­қан адамдарды ғана емес, сонымен бірге оның күрделі ауру екендігі, дер кезінде емде­месе соңы қайғымен аяқталатыны туралы мәлімет беріліп, әрбір адам өз қан қысымын бақылап жүруі үшін қажетті дағдылар үй­ретіліп, қан қысымы тегін өлшенді. Сонымен бірге про­филактикалық шараларды қабылдау, саламатты өмір салтын ұстану және дұрыс тамақ­танудың маңыздылығы жөнінде жұрт­шылықтың пікірін қа­лып­­тастыруға жағ­дай жасалды.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Бұл қызықты болуы мүмкін