ОҚО әкімі үздік кәсіпкерлерді марапаттады

ОҚО әкімі үздік кәсіпкерлерді марапаттады



АСТАНА. ҚазАқпарат - Өңір басшысы Б.Атамқұлов Шымкенттегі «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде кәсіпкерлік саласындағы жыл үздіктерін құттықтау рәсіміне қатысып, 39 азаматты 13 аталым бойынша марапаттады. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтсақ, «Жылдың үздік кәсіпкері» - Қ.Молдасейітов, Ш.Әбдиев және Р.Суховтар болса, «Жылдың үздік өнеркәсіп кәсіпорны» - «Зерде Керамик» ЖШС, «HILL Corp» ЖШС, «Назар Текстиль» ЖШС-лары деп танылды. Ал «Жылдың үздік инновациялық жобасы» ретінде «Кентау трансформатор зауыты» АҚ мен «Химфарм» ЖШС және «KARLSKRONA LC AB» ЖШС-ы марапатталып, «Кәсіпкерлікті қолдау бойынша жылдың үздік әкімдігі» болып Ордабасы, Түлкібас аудандары мен Түркістан қаласы атанды.

Жиында сөз алған аймақ басшысы кәсіпкерлік саласының ел экономикасында орны ерекше екеніне тоқталып, өңірімізге алдағы бес жылдықта шетелдік және отандық инвесторларды тарту бойынша жұмыстардың жанданатынын, мемлекеттік жекеменшік әріптестігі аясында аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіліп, балабақшалар мен мектептердің, сондай-ақ, өзге де әлеуметтік нысандардың құрылысы жүретінін жеткізді.

Айта кетейік, облыста шағын және орта кәсіппен айналысатын 186 мың кәсіпкер бар.

http://www.kazinform.kz/kaz/article/2854451


Бұл қызықты болуы мүмкін