Баспасөз мәлімдемесі

Баспасөз саяхаты кезінде республикалық БАҚ журналистері ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске қосылған «Химфарм» АҚ-ның заманауи өндірістік алаңымен танысты. Жаңа цехтегі ампулаларға салынған зарарсыздандырылған дәрі-дәрмектердің өндірісі тиісті өндірістік тәжірибенің (GMP) халықаралық стандарттарына сәйкес құрылып отыр. Santo компаниясы жаңа цехтегі ампула желілерінің GMP стандарттарына сәйкес келетіні туралы сертификатты 2014 жылдың 2 желтоқсанында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен алған болатын. Қазіргі күні «Химфарм» АҚзарарсыздандырылған дәрілік заттардың қолданыстағы өндірістеріне арнап GMP сапасы бойынша 3 сертификатты алған Қазақстан Республикасындағы тұңғыш және жалғыз фармацевтикалық өндіруші болып табылады. Бұл 3 сертификат антибиотик ұнтақтарын асептикалық жолмен  бөліп салу өндірісіне, инъекциялық ерітінділер мен инфузияларды шығаратын цехтегі инъекциялық ерітінділер өндірісіне және шприц арқылы толтырылатын ампулалардағы инъекциялық ерітінділер өндірісінеберілген.

«Химфарм» АҚ өндірістік қуаттылықтары жыл сайын таблеткалар, капсулалар мен түйіршіктердің 1 миллиардқа дейінгі көлемін, 300 миллион ампуланы, антибиотиктердің 24 миллион құтышасын, инфузиялық ерітінділердің 4 миллион орамасын және шәрбаттардың 20 миллион құтышасын өндіруге мүмкіндік береді. Компания -Қазақстанның фармацевтикалық нарығының көшбасшысы, оныңөнімдер қоржынында терапияның әртүрлі саласындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармакологиялық топқа жататын 200-ден астам дженериктік және түпнұсқалық дәрі-дәрмек бар. 2014 жылы оның сатылым көлемі 15 млрд. теңгеден асты. Компания Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Түркіменстан секілді бес елдің нарығына өнімдерін экспорттайды.

Santo компаниясы дәрілік құралдарды шығаратын ең ірі отандық өндіруші болып табылады.Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде «Самұрық-Қазына Фармация» ЖШСсатып алатын дәрілік құралдар жалпы көлемінің үштен бірінен астамы «Химфарм» АҚ-да өндіріліп, жеткізіледі. GMP стандарттарына сәйкес келетін заманауи фармацевтикалық өндірісті құру «Химфарм» АҚ-ның Polpharma халықаралық фармацевтикалық тобына кіруінің арқасында мүмкін болды. 2011 жылы Santo компаниясы Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орта Азия нарықтарында қызмет жасайтын топтың құрамына кіре отырып, фармацевтикалық өнеркәсіптің озық ноу-хауларына қол жеткізді. Дәл сол уақыттаGMP халықаралық стандарттарына сәйкес келетін жаңа фармацевтикалық өндірістерді құру және қолданыстағы өндірістерді жаңғырту бойынша ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырыла бастады. Инвестициялардың жоспарланған көлемі 100 млн. АҚШ долларынан асады. Ампулалық-инфузиялық цехке құйылған инвестицияның бір өзі бүгінгі күні 40 млн. АҚШ долларынан асып отыр.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев инновацияларды қажетті кадрлармен қамтамасыз етуге, халықаралық деңгейдегі біліктіліктері бар инженерлік, техникалық кадрларға деген қажеттілікті қанағаттандыруғабілім беру жүйесін икемдеу туралы, сондай-ақ, оқу жоспарлары мен әдістемелерді қалыптастыруға бизнесті қатыстыру және жергілікті мамандар қатарынан жоғарғы кәсіби кадрлар құрамын қалыптастыру үшін шетелдік мамандарды тарту туралы2013 жылдың 22 мамырындағы Шетелдік Инвесторлар Кеңесіндегі сөзінде айтқан болатын. Осы бағыт шеңберінде фармацевтикалық өнеркәсіп сапасын халықаралық стандарттар деңгейіне дейін көтеру үшін «Химфарм» АҚ 2013 жылы «Santo Академиялық бағдарламасы» атты оқу жобасын іске қосты. «Santo Академиялық бағдарламасы» шеңберінде Астана Медициналық Университетімен, Назарбаев Университетінің Өмір туралы ғылымдар орталығымен, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтикалық академиясымен және Шымкент қаласындағы Химиялық-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен Өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.

Меморандумдар шеңберінде студенттер, оқушылар мен ғалымдар компанияның Польшадағы және Қазақстандағы өндірістік қуаттылықтары мен ғылыми зертханаларына барып, болашағынан үміт күттіретін ғылыми жұмыстарды қолдауға арналған гранттарды ала алады. 19 наурызда Santo компаниясы және Шымкент қаласындағы Химиялық-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жоғарғы сыныптар арасында (8-9-11 сыныптар) ғылыми жұмыстар байқауын іске қосты.

Компания жоғары сапалы және қолжетімді дәрі-дәрмектерді өндіру арқылы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына салмақты үлес қосып келеді, бұл Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесіне жұмсалатын шығындарды айтарлықтай төмендетіп, республика бойынша емделушілердің барынша көп саны үшін дәрілерді қолжетімді етуге мүмкіндік береді. 2014 жылдың 25 желтоқсанында Индустриаландыру күніне орай өткен Жалпы ұлттық телекөпір кезінде Елбасы былай деп айтқан болатын: «Шымкент дәрілік заттарды шығаратын көшбасшы қалаға айналып отыр. Естеріңізде болса, мен осы міндетті бұрында қойған болатынмын. Біз дәрі-дәрмектердің орасан зор мөлшерін сырттан тасып келдік. Енді қазір біз оны өзіміз өндіріп жатырмыз. Мен қойған бұл міндетті біз орындап шықтық. Сондықтан сіздерді құттықтаймын және сіздер ары қарай дамып, үлгі көрсетесіздер деп үміттенемін». Дәрі-дәрмектерді шығаратын отандық өндірушінің осылай кең құлаш жайып дамып отырғаны Елбасының білдірген үміттеріне сәйкес келіп отыр.

_________________________________________________________________________

Santo Member of Polpharma Group туралы: 

Santo Member of Polpharma Group – «Химфарм» АҚ (KASE: CHFM) саудабелгісі. Компанияқолжетімді, жоғарысапалыдәрі-дәрмектердіәзірлепөндіредіжәнеҚазақстанменОртаАзиянарықтарынажеткізеді. Компанияныңөндірістік қуаттылықтары жылсайын 1 миллиардтаблетканы, капсуламентүйіршікті, 350 миллионампуланыжәнеантибиотиксалынған 24 миллионқұтышаны, 4 млн. инфузияпакетіншығаруғамүмкіндікбереді. КомпанияҚазақстанныңфармацевтиканарығындағы көшбасшыболыптабылады, оныңқоржынындатерапияныңтүрлісалаларындағыаурулардыемдеугеарналған 12 фармацевтикалықтопқажататындженериктікжәнетүпнұсқалық 240 дәрі-дәрмекбар. Santo Member of Polpharma Group - ШымкентпенҚазақстанРеспубликасыныңбарлықөңірлерінде 1300-денастамадамдыеңбекпенқамтамасызетіпотырғанжауапкершілігіжоғарыжұмысберуші.

____________________________________________________________________________

 

Қосымшаақпарат:

Динара Ассатова, PR-маман

Santo Member of Polpharma Group

Әл-Фараби даңғ., 15, “Нұрлы Тау” бизнес орталығы, 5В, 19-қабат

050013, Алматы, Қазақстан

Тел/факс: +7 (727) 312 18 33, +7 701 993 14 60

dinara.assatova@santo.kz

www.santo.kz


Бұл қызықты болуы мүмкін