2015 жылдың 20 сәуірінде Шымкент қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында өткен ғылыми жұмыстар байқауының қорытындысы шығарылды.

Байқау «Santo академиялық бағдарламасын» кеңейту шеңберінде өткізілді. Бағдарламаға серіктес ретінде қатысатын негізгі оқу мекемелерінің бірі Шымкент қаласындағы Химиялық-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі болып табылады. Мектеп оқушыларынан барлығы 24 ғылыми жұмыс жіберілді. Байқау Santo компаниясының маңызды академиялық серіктесі – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы тарапынан қолдау тауып, оның өкілдері – Академияның ғылыми-клиникалық қызмет жөніндегі проректоры Бекайдар Нұрмашев және ғылыми қызметкері Максим Тимошенко жұмыстарды бағалауға қатысты. Сонымен қатар, байқаудың ақтық кезеңіне шыққан оқушыларды анықтауға ҚР ӘМ ЗМҚК «ҰЗМИ» РМК филиалының  (Зияткерлік меншік институты) директоры Мақсат Елібаев қатысты.

Байқау қатысушылары мен ұйымдастырушылары алдында сәлемдесу сөзімен Химиялық-биологиялық бағыттағы Зияткерлік мектеп директоры Балкан Қасымов шығып, жиналғандардың барлығына шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктерді, жеке өмірлерінде жеңіске жете беруді тіледі.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды және бағалы сыйлықты (планшетті) «Жараның жазылу барысын диагностикалаудың жаңа әдісі» тақырыбына арналған зерттеу жобасы үшін Химиялық-биологиялық бағыттағы Зияткерлік мектептің 12-сынып оқушысы Аружан Жамбұлатова иеленді.

Химиялық-биологиялық бағыттағы Зияткерлік мектептің 9-сынып оқушысы Айбек Асқар «Қарақат, таңқурай мен итмұрын өсімдіктерінің лиофилизделген сығындысынан «көпіршікті» таблеткаларды жасау» тақырыбы бойынша жазған жобасымен екінші орын мен жүлдені жеңіп алды.

Үшінші орын мен жүлде Химиялық-биологиялық бағыттағы Зияткерлік мектептің 11-сынып оқушысы Мереке Рахмановаға «Мия тамырының сығындысынан балаларға арналған суппозиторийлерді дайындау технологиясы» атты жобасы үшін табысталды.

Сондай-ақ, қазылар алқасының пікірі бойынша лайықты деңгейде орындалды деген  қосымша 7 жұмыс іріктеп алынып, олардың авторлары электрондық кітаптармен марапатталды. Сонымен қатар, Santo компаниясы 2015 жылы Қазақстанда немесе шетелде фармацевтика мамандығы бойынша оқуға түсетін мектептің үш түлегіне арнап шәкіртақы тағайындап отырғаны жөнінде хабарлады. Шәкіртақылар студенттердің бірінші оқу жылы ішінде төленетін болады.

«Santo академиялық бағдарламасы» білім беру жобасы фармацевтикалық өнеркәсіп үшін кадрларды дайындаудың сапасын халықаралық стандарттар деңгейіне дейін көтеру мақсатында іске қосылды. Жоба инновацияларды ары қарай дамыту үшін халықаралық деңгейдегі біліктіліктері бар кадрларға деген отандық өнеркәсіптің  қажеттілігін қамтамасыз ету және оқу жоспарлары мен әдістемелерді қалыптастыруға  бизнесті тарту туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы шеңберінде өткізіліп отыр.

Аталған жоба аясында Астана Медициналық Университетімен, Назарбаев Университетінің Өмір туралы ғылымдар орталығымен, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтикалық академиясымен және Шымкент қаласындағы Химиялық-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен Өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды. Меморандумдар шеңберінде студенттер, оқушылар мен ғалымдар компанияның Польшадағы және Қазақстандағы өндірістік қуаттылықтары мен ғылыми зертханаларына барып, болашағынан үміт күттіретін ғылыми жұмыстарды қолдауға арналған гранттарды алуда.

Santo компаниясы дәрілік құралдарды шығаратын ең ірі отандық өндіруші болып табылады. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде «Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС сатып алатын дәрілік құралдар жалпы көлемінің үштен бірінен астамы «Химфарм» АҚ-да өндіріліп, жеткізіледі. GMP стандарттарына сәйкес келетін заманауи фармацевтикалық өндірісті құру «Химфарм» АҚ-ның 2011 жылы Polpharma халықаралық фармацевтикалық тобына кіруінің арқасында мүмкін болды. Дәл сол уақытта GMP халықаралық стандарттарына сәйкес келетін жаңа фармацевтикалық өндірістерді құру және қолданыстағы өндірістерді жаңғырту бойынша ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырыла бастады. Инвестициялардың жоспарланған көлемі 100 млн. АҚШ долларынан асады. Ампулалық-инфузиялық цехке құйылған инвестицияның бір өзі бүгінгі күні 40 млн. АҚШ долларынан асып отыр.

____________________________________________________________________

Santo Member of Polpharma Group туралы: 

Santo Member of Polpharma Group – «Химфарм» АҚ (KASE: CHFM) сауда белгісі. Компания қолжетімді, жоғары сапалы дәрі-дәрмектерді әзірлеп өндіреді және Қазақстан мен Орта Азия нарықтарына жеткізеді. Компанияның өндірістік қуаттылықтары жыл сайын 1 миллиард таблетканы, капсула мен түйіршікті, 300 миллион ампуланы және антибиотик салынған 24 миллион құтышаны, 4 млн. инфузия пакетін шығаруға мүмкіндік береді. Компания Қазақстанның фармацевтика нарығындағы көшбасшы болып табылады, оның қоржынында терапияның түрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармацевтикалық топқа жататын дженериктік және түпнұсқалық 200-ден астам дәрі-дәрмек бар. Santo Member of Polpharma Group - Шымкент пен Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде 1200-ден астам адамды еңбекпен қамтамасыз етіп отырған жауапкершілігі жоғары жұмыс беруші. Компания Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Түркіменстан секілді бес елдің нарығына өз өнімдерін экспорттайды.

____________________________________________________________________________

Қосымша ақпарат:

Динара Ассатова, PR-маман

Santo Member of Polpharma Group

Әл-Фараби даңғ., 15, “Нұрлы Тау” бизнес орталығы, 5В, 19-қабат

050013, Алматы, Қазақстан

Тел/факс: +7 (727) 312 18 33, +7 701 993 14 60

dinara.assatova@santo.kz

www.santo.kz  


Бұл қызықты болуы мүмкін