«Ғылым мен өнер коды» республикалық мүсін сайысына сегіз мүсінші әйел қатысады

Бүгін, 7-ші тамыз 2018 жыл. –Алматы қ-сы. «Cultural Dialogue» Қоғамдық Қоры және SANTО компаниясы «Healing with HeArt» кездесулер сериясын жалғастыруда.Бұл кездесулер аясында қатысушылар «Ғылым мен өнер коды» атты ашық республикалық мүсін сайысына нобайлар мен макаттер жасап жатырған Қазақстан мүсіншілерінің шығармашылық шеберханаларына барады.Сайыс мақсаты – денсаулық сақтау саласындағы инновациялық технологиялардыбейнелейтін үздік нобайларды көтермелеу. Орнатылған мүсін Шымкент қаласындағы Қазақстанның фармацевтикалық өндірісінің көшбасшысы болып табылатын SANTO компаниясының нышанына айналады.

Жаз айларының ішінде блогерлер мен БАҚ өкілдеріәйгілі мүсіншілердің шеберханаларында болды. Шығармашылық кездесулерге қатысушылармүсінші Эдуард Казарянның, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық Академияның «Мүсін» кафедрасының профессорыМәлікЖүнісбаевтың шеберханасында болды.Авторлар өз шығармашылық жоспарларымен бөлісті,қатысушыларды мүсін жасау үрдісімен таныстырды.

Ұйымдастырушылар сайысқа қатысуға56 кәсіби мүсіншілерді жинады. Жүлделі орынғатек Алматы мен Астананың ғана емес, Атырау, Өскемен, Шымкент қалаларының суретшілері де күш сынасады. Мүсін сайысына қатысуғасегіз мүсінші әйел ниет білдірді. Бұл барлық қатысушылардың 15% құрайды.

Әйел затының мүсінмен айналасуы өте сирек кездесетін құбылыс. Ағаш ою, мәрмәр және гранитті өңдеу, қола құю - әйел адам үшін өте ауыр жұмыстар. Бүгінгі кездесуде журналистер мен блогерлер Гульфия Мелдештен бұл туралы оның пікірін сұрады.Оның ойынша, қыздар еш нәрседен қорықпай,өзін көрсете алатын қызмет саласын таңдағаны дұрыс. «Біз өз қабілеттерімізге сенуіміз керек.Сонда ғана басқалар бізге сенеді!»Мүсінмен айналысатын әйел адамдардың саны ер адамдардан шындығында аз болғанымен, олар дәл солар секілді өздеріне ұнайтын кәсіппен айналысады жәнебұл олардың қолдарынан келеді.Гульфия журналистердің көптеген сұрақтарына жауап беріп, кездесудің соңына қарайшамотпен жұмысты жәнеқоланы тегістеп ажарлау әдісін көрсетті.

Қазақстанның еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстанның суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Тілеуберді Бинашев Алматы көркемөнер мектебін 1981 жылы бітірген. Бинашев монументалды жұмыстарындаұлттық өнер эстетикасына негізделетін Орталық Азия пластикасының көркем тілін кеңінен пайдаланады. Автордың әсемдік шешімдерінің ауқымыкүйдірген саздан істелген ойыншықтардың көлемдерінен қазақ күмбездерінің монументалды-сәулеттікбейнелеріне дейін қамтиды. Салттық бағана түрінде жасалған, буындардың ауыспалылығын білдіретінТ.Бинашевтың «Жетiата» атты композициясы Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайының топтамасында сақталады.

Гульфия Мелдеш - Қазақтранспорт және байланыс академиясының қасындағы Мұхамеджан Тынышпаев мүсінінің, Шу станциясындағы Тұрар Рысқұлов мүсінінің, режиссер Асанәлі Әшімов мүсінінің авторы.

Ижи Урбанец, SANTO компаниясының бас директоры: «Біздің ойымызша, еліміздің ғылыми және мәдени әлеуетіне жасалғанинвестицияның маңыздылығы технологияның дамуына жасалған инвестицияныңмаңыздылығынан кем түспейді. Біз жариялаған сайыс Қазақстанның заманауи өнерініңөркендеуіне түрткі болатынына сенеміз. Мысалы, Польшада ХХ ғасырдың мүсінші әйелдері қоғам мен мәдениет өміріндемаңызды рөл ойнады. Әлемге әйгілі Алина Слесинская және Магдалена Абаканович елдің брендтері болып табылады. Олардың жұмыстарыПомпиду Орталығы, Метрополитен мұражайы, Тейтгалереясы секілді әлемнің ең әйгілі мұражайларында сақталады.Елімізде талантты мүсіншілер өте көп.Қазақстандықтар олардың өнерін және отандық фармация жетістіктерін мақтан тұтаалады».



Толық ақпарат алу үшін мына байланыс нөміріне хабарласыңыз:

Мамбетова Жанна

Тел.: + 7 (701) 744 24 46 janna.mambetova@gmail.com

Бұл қызықты болуы мүмкін