Биосимилярлар бойынша сарапшылар альянсының бірінші конференциясы

Баспасөз мәлімдемесі

2015 жылдың 27 қазанында RixosBorovoe қонақ үйінде Биосимилярлар бойынша сарапшылар альянсының бірінші конференциясы өтті және «Биосимилярлар бойынша сарапшылар альянсы қауымдастығы» ЗТБ-ін құру ниеті туралы мәмілеге қол қойылды. Конференцияны Қазақстан фармацевтикалық нарығының көшбасшысы Santo Member of Polpharma Group сауда белгісімен жұмыс жасайтын «Химфарм» АҚ және Орталық және Шығыс Еуропадағы жетекші компаниялардың бірі «ЭГИС фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ ұйымдастырды.

Щучинск қ., 2015 жылдың 27 қазаны

Биосимилярлар бойынша сарапшылар альянсының бірінші конференциясы кезінде «Биосимилярлар бойынша сарапшылар альянсы қауымдастығы» ЗТБ-ін құру ниеттері туралы мәмілеге «Химфарм» АҚ бас директоры Ижи Урбанец және «Қазақстан Республикасындағы ЭГИС фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ директоры Айгүл Жұманова қол қойды.

Мәміледе Биосимилярлар бойынша сарапшылар альянсының мақсаттары, сондай-ақ, биотехнологиялар (биосимиляр) негізінде жасалған заманауи медициналық препараттарды қолдану арқылы Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын жақсартуға және биосимиляр бойынша халықаралық ұйымдармен ғылыми серіктестікті дамытуға бағытталған бірлескен әрекеттер белгіленді.
Сонымен қатар, Биосимилярлар бойынша сарапшылар альянсының бірінші конференциясы кезінде биосимилярларға, оларды қолдану және Еуропалық Одақ елдері мен Қазақстанда тіркеуге қатысты мәселелер жеке талқыға салынды. Конференция жұмысына м.ғ.д., профессор, Назарбаев Университеті Өмір туралы ғылымдар орталығының жетекші ғылыми қызметкері Гуляев А.Е., PolpharmaBiologics биотехнологиялық өнімдер жөніндегі бөлім директоры, доктор Клаус Мартин, М. Мосаковски атындағы Польша ғылымдар академиясының эксперименталдық және клиникалық медицина институты фармакология және эксперименталдық медицина департаментінің басшысы профессор Павел Гриб, Семей қаласы Мемлекеттік медициналық университетінің профессоры Иванова Райфа Латыфовна, Польшаның Белосток қаласындағы Медициналық университет жанындағы нефрология бойынша 2-клиникалық ауруханасының жетекшісі, профессор Иоланта Малышко және Қазақстанның биосимилярлар жөніндегі жетекші сарапшылары мен клиницистері қатысты.

«Бүгін біздің барлығымыз үшін ұлы күн. Біз ЭГИС компаниясымен Биосимилярлар бойынша сарапшылар альянсын құру туралы мәмілеге қол қойылғанына қуаныштымыз. Бұл бірегей Альянс биосимилярлар саласындағы идеялармен, тәжірибелермен және білімдермен жан-жақты алмасу үшін жағдай жасамақ. Биосимилярлар көптеген ауруларды емдеу үшін мүмкіндік ашып, медицина мүмкіндіктері туралы адамзаттың білімін түбегейлі өзгертті. Медицинада биосимилярларды қолдану көптеген науқастарға күрделі ауруларды емдеу үшін қолжетімді бағада жоғары сапалы дәрілік препараттарға қол жеткізуге, олардың өмір сапасын көтеруге және де өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өзіміздің өндірісімізде біз озық медициналық технологияларды қолданамыз және осы тәжірибемізбен Қазақстанның биосимилярлар бойынша сарапшыларымен бөлісуге дайынбыз», - деді SANTO компаниясының бас директоры Ижи Урбанец.

ЭГИС өкілдігінің директоры Айгүл Жұманова былай деп атап өтті: «Биосимилярлар бойынша сарапшылар альянсын құру – қазақстандық науқастар үшін айтулы әрі маңызды оқиға. Өйткені Альянстың басты миссиясы заманауи инновациялық терапияға қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған. Биосимилярлар арқасында ауыр дерттерді емдеудің ең тиімді жолдары ашылып отыр. Денсаулыққа күтім жасау – ЭГИС компаниясының басты мақсаттарының бірі. Ал SANTO компаниясымен бірлесе Альянсты құру арқылы әлеуметтік жауапкершілік туралы қағидамызды тағы да бір рет растап отырмыз. Сарапшылар альянсы ауыр дерттерді емдеудегі биологиялық терапия мен биосимилярлардың орнын түсінуге, оларды қолданудың ең өзекті мәселелерін көтеруге, Қазақстанның осы саладағы мамандарының білім деңгейін арттыруға жағдай жасамақ. Альянс денсаулық сақтау саласындағы көптеген өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік жасай алатынына мен сенімдімін, өйткені серіктестер жұмысының қағидалары бір жерге тоғысады. ЭГИС компаниясы және мен үшін осы жобаға қатысу үлкен құрмет, өйткені Альянстың түпкі мақсаты науқастың азабын жеңілдету болып табылады».
_____________________________________________________________________________________
SANTO компаниясы туралы:
Santo Member of Polpharma Group – «Химфарм» АҚ (KASE: CHFM) сауда белгісі. Компания қолжетімді, жоғары сапалы дәрі-дәрмектерді әзірлеп өндіреді және Қазақстан мен Орта Азия нарықтарына жеткізеді. Компанияның өндірістік қуаттылықтары жыл сайын 1 миллиард таблетканы, капсула мен түйіршікті, 300 миллион ампуланы және антибиотик салынған 24 миллион құтышаны, 4 млн. инфузия пакетін шығаруға мүмкіндік береді. Компания Қазақстанның фармацевтика нарығындағы көшбасшы болып табылады, оның қоржынында терапияның түрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармацевтикалық топқа жататын генериктік және түпнұсқалық 200-ден аса дәрі-дәрмек бар. Santo Member of Polpharma Group – Шымкент пен Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде 1200-ден астам адамды еңбекпен қамтамасыз етіп отырған жауапкершілігі жоғары жұмыс беруші. Компания өз өнімдерін Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Түркіменстан секілді бес елдің нарықтарына экспорттайды.
_____________________________________________________________________________________
Қосымша ақпарат:
SANTO компаниясы
Татьяна Филипчик, PR-менеджер
Әл-Фараби д., 15, “Нұрлы Тау” БО 5В, 19-қабат
050013, Алматы, Қазақстан
Тел/факс: +7 (727) 312 18 33
e-mail: tatyana.filipchik@santo.kz
www.santo.kz
_____________________________________________________________________________________
EGIS компаниясы туралы:
ЭГИС – әлемнің 67 еліне, оның ішінде Қазақстанға өнімдерін жеткізетін Орталық және Шығыс Еуропаның жетекші фармацевтикалық компанияларының бірі. Компания қызметі белсенді ингредиенттерді әзірлеуден бастап, сату және маркетинг үшін дайын өнімді өндіруге дейінгі өндірістің толық циклін қамтиды. Жыл сайын ЭГИС  4,5 млрд. аса таблетканы, дәрілік құралдардың 140 млн. қаптамасын және белсенді заттардың 500 – 600 тоннасын өндіреді. ЭГИС өндірістік жүйесі тұрақты түрде GMP және FDA халықаралық стандарттарымен серттификатталады. Қазақстанда ЭГИС ғылыми қауымдастықтардың белсенді қатысушысы болып табылады, жетекші ғылыми орталықтардың іс-шараларына қатысып, шеберлік сабақтарын, білім беру бағдарламаларын өткізеді, емделушілер мектептеріне атсалысады. Терең дәстүрлерді қалыптастырған компания ретінде оның қызметі дамуға, жаңартуға және инновацияларға бағытталған. ЭГИС бірегей фиксациялық комбинацияларды, өнімдердің инновациялық түрлерін әзірлеумен айналысады. Өзінің жүз жылдық мерейтойында 2013 жылы ЭГИС моноклональдық антидененің алғашқы биосимиляры - инфликсимабты нарыққа шығарды. Биосимиляр Дәрілік құралдар жөніндегі еуропалық агенттікте және ТМД елдерінде тіркелген. Осылайша компания науқастардың ең заманауи және инновациялық фармацевтикалық өнімдерге қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтуге деген ұмтылысын тағы да бір рет байқатты.
_____________________________________________________________________________
Қосымша ақпарат:
«ҚР-дағы ЭГИС фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ өкілдігі
050060, Алматы қ., Жароков к., 286 г.
тел. 247-63-33, 247-63-34, ф. 247-61-41
www.egis.kz

Бұл қызықты болуы мүмкін